Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі "Қазына" Тұрақты даму қорына мемлекеттік қолдау көрсету үшін туризмді дамыту жөніндегі 24 инвестициялық жоба жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі "Қазына" Тұрақты даму қорына мемлекеттік қолдау көрсету үшін туризмді дамыту жөніндегі 24 инвестициялық жоба жіберді

Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі "Қазына" Тұрақты даму қорына мемлекеттік қолдау көрсету үшін туризмді дамыту жөніндегі 24 инвестициялық жоба жіберді

Астана. 21-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі "Қазына" Тұрақты даму қоры" АҚ-на мемлекеттік қолдау көрсету үшін туризмді дамыту жөніндегі 24 инвестициялық жоба жіберді. Бұл туралы жұма күні Қазақстанның Туризм және спорт министрлігінің алқа отырысы барысында Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Евгений Никитинский мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 21 Қаңтар 2008
  • 729
Фото - Caravan.kz

«Біз еліміздің туристік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған 24 инвестициялық жоба әзірледік»,- деді Е. Никитинский. «Олар мемлекеттік қолдау көрсету үшін «Қазына» қорының қарауына жіберілді»,- деп түсіндіріп өтті ол.

Комитет төрағасының мәліметтеріне сүйенсек, аталмыш инвестициялық жобалардың жалпы құны 2,5 млрд АҚШ долларына жетіп жығылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті