Туризм және спорт министрі мен Бразилия елшісі Қазақстандық футболшыларды оқыту жобасын жүзеге асыру жайын талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Туризм және спорт министрі мен Бразилия елшісі Қазақстандық футболшыларды оқыту жобасын жүзеге асыру жайын талқылады

Туризм және спорт министрі мен Бразилия елшісі Қазақстандық футболшыларды оқыту жобасын жүзеге асыру жайын талқылады

Астана. 29 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхаметов пен Бразилия елшісі Фредерико Мейер өзара кездесуде Қазақстандық футболшыларды Бразилияның футбол мектептерінде оқыту жобасын жүзеге асыру жайын және ықпалдастық шараларын орындау барысы жөнінде талқылады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 29 Қаңтар 2008
  • 615
Фото - Caravan.kz

Еске сала кетейік, өзара ықпалдастық пен жобаны жүзеге асыру шараларының кешені мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен оның 2007 жылдың қазан айындағы сапарының қорытындысы бойынша жасалған.

Кездесу барысында елші Ф. Мейер аталмыш жобаға қатысуға дайын бірнеше арнаулы бразилиялық мектептің іс-қызметінің бағыттары жөнінде жан-жақты әңгімелеп берді.

Сонымен бірге, Бразилия жағы Астана қаласының күніне орай даңқты аяқдопшы Пеленің мұражайын ашуға, сондай-ақ, бір танымал Бразилиялық футбол құрамасының өкілдерін Елордасының туған күнін тойлауға қатысуға бар күшін салуға ниет білдірді.

Т. Досмұхамбетов елшіге Қазақстан мен Бразилия арасындағы спорт және туризм саласындағы қарым-қатынасты нығайтуға белсене атсалысқаны үшін ризашылық білдіріп, өз атынан және барлық спорт әуесқойлары атынан әлемдік футбол жұлдызы пеленің Қазақстанға сапарын ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруды сұрады.

«Пеленің елімізге келуі Қазақстанның спорт пен салауатты өмір салтын насихаттауға ашық мемлекет ретіндегі беделін арттыруға септігін тигізеді», -деді министр.

Тараптар жұмыс тобын құруды жалғастыру және бразилиялық әріптестерімен бірлесіп Қазақстандық жас футболшыларға қатысты жобаны жүзеге асыру, сондай-ақ, спортшыларды жыл бойы оқыту және бірқатар халықаралық сайыстарға атсалысу мүмкіндігін қарастыруға келісті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті