Қазақстанда бүгіннен бастап шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий жарияланады-Мәсімов - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда бүгіннен бастап шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий жарияланады-Мәсімов

Қазақстанда бүгіннен бастап шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий жарияланады-Мәсімов

Астана. 21 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда бүгіннен бастап шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий жарияланады, бұл туралы бүгін ҚР салық органдары қызметкерлерінің форумы барысында премьер-министр Кәрім Мәсімов құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 21 Ақпан 2008
  • 408
Фото - Caravan.kz

«Мемлекет басшысының үкіметтің кеңейтілген отырысы кезінде берген тапсырмасына орай, мен шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий жариялау жөнінде қаулыға қол қойдым», — деді К. Мәсімов.

«Сөйтіп, мораторий бүгіннен бастап күшіне еніп, осы жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады», — деп толықтырды премьер-министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті