Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілігі Шымкенттің жылу желілерін коммуналдық меншікке қайтарып алмақшы - облыс әкімі - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілігі Шымкенттің жылу желілерін коммуналдық меншікке қайтарып алмақшы  - облыс әкімі

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілігі Шымкенттің жылу желілерін коммуналдық меншікке қайтарып алмақшы - облыс әкімі

Шымкент. 21 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілігі 3-ші ЖЭО-ның мүлкін бөліп, Шымкенттің жылу желілерін коммуналдық меншікке қайтарып алмақшы. Бұл туралы облыс әкімі Нұрғали Әшімов кеше өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

  • 21 Ақпан 2008
  • 429
Фото - Caravan.kz

«Биыл біз 3-ші ЖЭО-ын инвесторлармен бөліспекшіміз. Қазір біздің ондағы үлесіміз 45% құрайды. 3-ші ЖЭО-ына орталықтың өзі мен кварталішілік желілерге дейінгі барлық құбырлар кіреді. Біз құбырларды өзіміз алып, ЖЭО-ын оларға бермекшіміз. Яғни, құбырлар 100% бізге өтіп, жылу мен тоқ шығару 100% инвестордың иелігіне өтеді», — деді Н. Әшімов.

Облыс әкімінің түсіндіруінше, желіге иелік ету арқылы оны модернизациялауға қаржы бөлуге және алатын жылуға мейлінше тиімді есеп жүргізуге болады.

«Қазір жағдай мынадай : біз шаршы метр үшін ақша төлейміз, олар ақшаны жинап алады да бізге есеппен келіп былай дейді : «Нұрғали Сәдкақасұлы, күн 30 градусқа дейін суытқан кезде желілерде сағатына мыңдаған тонна су жоғалып жатты». Ал бұл суды олар су құбыры мекемесінен сатып алады, жылытады, тазартады, жұмсартады да қайтадан халыққа жібереді. Іс жүзінде ол өңдеуге 50 — 60 градус температурамен келуге тиіс. Ондай болған жағдайда суды 90 градусқа дейін жылытса жетер еді. Ал олар су құбырынан 5 градус жылулықтағы суды сатып алып, оның температурасын 85 дейін көтереді. Тарифке ол қамтылмаған», — деді әкім.

Н. Әшімовтың айтуынша, мүлік бөлісінен кейін жаңа құрылым құрылады. «Бізде енді 3-ші ЖЭО-ның жанынан , тура тиектен жылу алатын мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын болады. Бұдан кейін желідегі барлық шығындар, ұрлықтар мен құбырдың жарылу шығындарын МКК төлейтін болады. Ал ол үшін біз жауап беретін боламыз. ЖЭО-ынан тек жылу ғана сатып аламыз», -деді облыс әкімі.

Н. Әшімов мұндай жол бюджет қаржысын жұмсау тұрғысынан тиімді болмақ. «Қазір біз кәсіпорынның тең қожайыны ретінде ақша бөлеміз, алайда, ол акционерлік қоғам болғандықтан, ақшаны басқарма қайда бағыттса, сол бағытқа кетеді. Ал бөлуден кейін бәрі ашық болмақ», — деді Н. Әшімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті