ҚР премьер-министрі қайта өңдеу саласындағы кәсіпорындардың корпоративтік табыс салығын төмендету қажет деп санайды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР премьер-министрі қайта өңдеу саласындағы кәсіпорындардың корпоративтік табыс салығын төмендету қажет деп санайды

ҚР премьер-министрі қайта өңдеу саласындағы кәсіпорындардың корпоративтік табыс салығын төмендету қажет деп санайды

Астана. 21 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов қайта өңдеу саласындағы кәсіпорындардың корпоративтік табыс салығын төмендету қажет деп санайды. Бұл туралы ол бүгін ҚР салық органдары қызметкерлерінің форумы жұмысы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 21 Ақпан 2008
  • 571
Фото - Caravan.kz

«Өңдеу саласындағы кәсіпорындардың корпоративтік табыс салығын төмендету қажет, оның төлеу тәртібін жетілдіріліп, шығын мерзімдерін үш жылдан бес жылға дейін созып, қайта қарау керек «, -деді К. Мәсімов.

Премьер-министрдің пікірінше, ҚҚС төлеу тәртібін жетілдіруі керек. «Соның ішінде нольдік ставкасы қойылған экспорттық тауардың айналымын қарастыру тәртібін жетілдіру керек «, -деп атап өтті ол.

К. Мәсімов атап өткеніндей, «есеп шот фактурасын дұрыс тапсырмайтын жеткізушілердің жауапкершілігін күшейту керек».

«Сондай-ақ, мен экономика министріне және қаржы министріне сату салығына өтудің қажеттілігі бар ма жоқ па, осы мәселені жіті қарастыруды тапсырамын «, — деді К. Мәсімов. «Біздерге нақты тұра айту керек: біз бұған көшуге дайынбыз ба, әлде дайын емеспіз бе. Егер дайын болсақ, бұған қатысты түрлі кереғарлықтар болмау үшін, оған қай уақыттан бастап көшуге болатынын айту керек», — деп қорытындылада премьер-министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті