ҚР жаңа Салық кодексінде Әлемдік банктің білім беру және денсаулық сақтау саласын ынталандыру бойынша ұсыныстары ескерілуі керек - Мәсімов - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР жаңа Салық кодексінде Әлемдік банктің  білім беру және денсаулық сақтау саласын ынталандыру бойынша ұсыныстары ескерілуі керек - Мәсімов

ҚР жаңа Салық кодексінде Әлемдік банктің білім беру және денсаулық сақтау саласын ынталандыру бойынша ұсыныстары ескерілуі керек - Мәсімов

Астана. 21 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР жаңа Салық кодексінде Әлемдік банктің білім беру және денсаулық сақтау саласын ынталандыру туралы айтқан ұсыныстары ескерілуі керек. ҚР премьер-министрі К. Мәсімов мұндай пікірді бүгін ҚР салық органдары қызметкерлерінің форумы жұмысы барысында білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 21 Ақпан 2008
  • 537
Фото - Caravan.kz

«Адам капиталының, әсіресе білім беру және денсаулық сақтау жүйесінің дамуынсыз мемлекеттің бәсекелестік тұрақтылығына қол жеткізілмейді «, — деді К. Мәсімов.

«Сондықтан жаңа салық кодексін дайындау кезінде салаларды дамыту және ынталандыру жөнінде әлемдік тәжірибе електен өткізіліп, ескерілуі тиіс «, — деп ойын жеткізді ол.

«Біз Әлемдік банк қызметкерлерімен көп кездесіп, олар осы аталған салаларды ынталандыру бойынша ұсыныстарын айтқан болатын «, — деп атап өтті премьер. «Бұл ұсыныстар жаңа Салық кодексінде ескерілуі тиіс «, — деп қорытындылады ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті