Жаңа Салық кодексінде барлық шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін бухгалтерлік есеп-қисапты оңайлату мүмкіндіктерін қарастыру қажет - Кәрім Мәсімов - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңа Салық кодексінде барлық шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін бухгалтерлік есеп-қисапты оңайлату мүмкіндіктерін қарастыру  қажет  - Кәрім Мәсімов

Жаңа Салық кодексінде барлық шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін бухгалтерлік есеп-қисапты оңайлату мүмкіндіктерін қарастыру қажет - Кәрім Мәсімов

Астана. 21 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Жаңа Салық кодексінде барлық шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін оңайлатылған бухгалтерлік есеп-қисапты енгізу мүмкіндіктерін қарастыру қажет. Бұл туралы бүгін салық органы қызметкерлерінің форумы барысында республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 21 Ақпан 2008
  • 608
Фото - Caravan.kz

«Біз барлық шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін кіріс пен шығыстың оңайлатылған бухгалтерлік есеп-қисабын енгізу мүмкіндіктерін қарастыруымыз қажет «, -деді Кәрім Мәсімов.

Бұнымен біруақытта премьер-министр жаңа Салық кодексінің ережелері мен қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарын өзара бейімдеу қажет деп санайды. «Бұл мәселені кәсіпкерлер бірнеше жылдан бері көтеріп келеді, біз оны жаңа Салық кодексіне қатысты жұмыстардың аясында шешуге міндеттіміз. Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына көшу әзірге мүмкін болмай отыр, соған қарағанда бұрынғы кодексті әзірлеген кезде біз оған баса назар аудармаған секілдіміз, мүмкін тіпті мүлдем назар аудармаған шығармыз, сол себепті тұтастай алғанда осы жолы біз бұл мәселені кешенді түрде шешуге тиіспіз», — деді үкімет басшысы.

Сонымен бірге, премьер-министр жаңа Салық кодексіне шағын бизнесті орта бизнес деңгейіне, ал орта бизнесті ірі бизнес деңгейіне көшуге ынталандыратын нормалар енгізу қажет деген пікірде. «Қазіргі салық жүйесіне сәйкес еліміздегі салық салу үрдісінде орта бизнестен гөрі шағын бизнеспен айналысу тиімдірек болатын жағдай қалыптасқан. Сол себепті көбісі жоғары сатыға көшуге құлықсыз. Біз кәсіпкерлерді шағын бизнестен орта кәсіпкерлікке көшуге ынталандырмай отырмыз. Сол себепті жаңа Салық кодексінде шағын бизнестің орта бизнеске, ал орта бизнестің ірі бизнеске көшуін ынталандыру мәселесін ойластыру қажет», -деді үкімет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті