Теміржолмен жүк тасымалын реттеу жөнінде актілер шығаруда кәсіпкерлердің құқығын бұзу оқиғалары әшкереленді - Бас прокуратура - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теміржолмен жүк тасымалын реттеу жөнінде актілер шығаруда кәсіпкерлердің құқығын бұзу оқиғалары әшкереленді  - Бас прокуратура

Теміржолмен жүк тасымалын реттеу жөнінде актілер шығаруда кәсіпкерлердің құқығын бұзу оқиғалары әшкереленді - Бас прокуратура

Астана. 21 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Прокуратура органдары теміржолмен жүк тасымалын реттеу жөнінде актілер шығаруда кәсіпкерлердің құқығын бұзу оқиғаларын әшкереледі, деп хабарлайды агенттік тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 21 Ақпан 2008
  • 490
Фото - Caravan.kz

«Прокуратура органдары теміржолмен жүк тасымалын реттеу жөнінде актілер шығаруда кәсіпкерлердің құқығын бұзу оқиғаларын әшкереледі. Мәселен, 2006 жылы «»ҚТЖ» ҰК» АҚ президентінің міндетін атқарушы «Жүк тасымалдайтын вагондар мен контейнерлерді пайдаланғаны үшін төлем, жүк тасымалына байланысты қосымша операциялар үшін жиналатын алымдар мен айыппұлдар» атты уақытша прейскурантқа өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, филиал директорларына станцияда немесе кіре беріс жолда 24 сағаттан артық тұрып қалған вагондар мен контейнерлерді пайдаланғаны үшін төлемді 5 есе, ал мерзім 48 сағаттан асып кетсе 10 есе қымбаттауға құқық берген», -деп хабарлады бейсенбіде Астанада өткен брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов.

«Бұл өзгерістер республика үкіметінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының темір жолының уақытша жарғысының 59 тармағының талабына қайшы келген. Онда төлемді екі есеге дейін ғана арттыруға мүмкіндік берілген. Прокуратураның араласуымен аталған бұйрық уақытша жарғының ережелеріне сәйкестендірілді», — деді ол.

Бас прокуратура ақпаратына сәйкес, транспорттық қызметті тұтынушы -кәсіпкерлердің құқығын бұзу дерегіне сәйкес транспорттық прокурорлар таныстыру шығарды. Оларды қарау нәтижесінде вагондар мен контейнерлерді пайдаланғаны үшін артық төленген 2 млрд жуық теңге мыңдаған жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қайтарылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті