Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «Самұрық» АҚ басқарма төрағасы президентті мемлекеттік холдингтің 2007 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысымен және ағымдағы жылғы жоспарымен таныстырды.
Есеп беру кезеңі ішінде «Самұрық» табыстары 8 пайызға өсті. Қазіргі кезде холдинг 12 ірі инвестициялық жобаны, оның ішінде электр энергетика саласындағы 9 жобаны жүзеге асыруға дайындалуда.
«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында электр энергиясының даму мәселелеріне баса назар аударды. «Самұрық» холдингі үш ірі жобаны жүзеге асырмақ. Олар — Балқаш ЖЭС-сін, Екібастұз ГРЭС-2-дегі 2-ші және 3-ші энергоблогын салу, сондай-ақ Мойнақ ГЭС құрылысын қалпына келтіру», — деді Қ.Бозымбаев журналистерге арналған брифингте.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті