Астанадағы мектептерде қатты боранға байланысты сабақ тоқтатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы мектептерде қатты боранға байланысты сабақ тоқтатылды

Астанадағы мектептерде қатты боранға байланысты сабақ тоқтатылды

Астана. 22 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Астанадағы мектептерде қатты боранға байланысты 1-4 сыныптар үшін сабақ тоқтатылды. Бұл туралы агенттік тілшісіне Астана қалалық білім беру департаментінің жалпы орта және мектепке дейінгі білім беру бөлімінен хабарлады.

  • 22 Ақпан 2008
  • 718
Фото - Caravan.kz

«Күшті желге байланысты бүгін таңертең ерте 1-4 сынып оқушылары үшін сабақты тоқтатуға шешім қабылданды. Күн райын болжаушылар мұндай ауа райы күні бойы жалғасады деп болжауда, біз 12 сағатта Астанадағы мектептердің басшылығын екінші ауысымда оқитындар үшін сабақты тоқтату жөнінде хабардар ететін боламыз», — деп хабарлайды департаменттегілер.

Бүгін түнде Астанада сынап бағанасы 10 градус суықты көрсетсе, желдің жылдамдығы секундына 16 метрге, кей кездері 26 — 28 метрге жетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті