ҚР премьер-министрі ОҚО зілзаладан зардап шеккен аймақтарын аралауда - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР премьер-министрі ОҚО зілзаладан зардап шеккен  аймақтарын аралауда

ҚР премьер-министрі ОҚО зілзаладан зардап шеккен аймақтарын аралауда

Шымкент. 22 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов пен бірқатар лауазымды қызметкерлер Оңтүстік Қазақстан облысында зілзаладан зардап шеккен Сарыағаш ауданының ахуалын білу үшін сапарға шықты. Бұл туралы агенттік тілшісі ОҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 22 Ақпан 2008
  • 362
Фото - Caravan.kz

«Комиссия мүшелері екі топқа бөлініп, тік ұшақ және көлікпен Сарыағаш ауданына қарай жол тартты», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Бұдан ертерек хабарланғанындай, кеше кешке К. Мәсімов Арыс ауданында болып қайтты. Онда ол үйлері судың ішінде қалған Ақдала ауылының тұрғындарымен кездесті. Премьер-министр : «жағдай мемлекеттің қадағалауында тұр. Барлық қажетті шараларды жасаймыз»,- деді.

ОҚО ТЖ департаментінің мәліметтері бойынша, облыстың үш ауданында судың ішінде 1904 үй қалып, оның 200 астамы бүлінді. Апаттан екі көпір, бес мектеп судың ішінде қалып, бір адам қаза тауып, 304 басты мал қырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті