Байқоңырға "Прогресс М" жүк корабльдерін ұшыруға арналған екі "Союз-У" зымыран тасығышы жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырға "Прогресс М"  жүк корабльдерін ұшыруға арналған екі  "Союз-У" зымыран тасығышы жеткізілді

Байқоңырға "Прогресс М" жүк корабльдерін ұшыруға арналған екі "Союз-У" зымыран тасығышы жеткізілді

Байқоңыр. 22 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырға "Прогресс М" жүк корабльдерін ұшыруға арналған екі "Союз-У" зымыран тасығышы жеткізілді, деп хабарлайды агенттік ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 22 Ақпан 2008
  • 357
Фото - Caravan.kz

«Союз-У» зымыран тасығышының блоктары мен сатылары тиелген құрам Самара қаласындағы «Прогресс» зауытынан 19 ақпанда темір жолмен жіберілген, ол 22 ақпанда Төретам станциясына келіп жетті.

Қажетті кедендік рәсімдеу процедураларынан кейін зымырандар тиелген вагондар ғарыш айлағының өз ішіндегі темір жол тармағымен №122 алаңның монтаж-сынақ корпусына жеткізіліп, онда зымырандар құрастырылып, ұшырылымға дайындалады.

«Союз-У» зымыран тасығыштары Халықаралық ғарыш станциясына екі «Прогресс М» жүк кораблін ұшыруға арналған. Олардың біріншісі — «Прогресс М-64» мамыр айында, ал екіншісі — «Прогресс М-65» — 2008 жылғы күзде ұшырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті