«Бүгін сағат 12.00 ауа райының қолайсыздығынан Павлодар — Қарағанды және Павлодар — Астана жол трассалары жабылды», — деп хабарлады департаментте.
«Екібастұзға апаратын жолда қатты жел соғып, жол алды көрінбейді. Көліктер қардың құрсауына түсіп жатыр», — деп хабарлады тілші оқиға орнынан.
«Басқа бағыттардағы жолдардағы жағдай бірқалыпты», — деп атап өтті ТЖД.
Бұдан бұрын хабарланғанындай, республикалық деңгейдегі жолдарды тазалау үшін 77 бірлік техника жұмылдырылса, облыстық жолдарға 95 бірлік техника тартылды. техника жұмылдырылса, облыстық жолдарға 95 бірлік техника тартылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті