Үкіметте гидрометеорологиялық қызметті дамыту бойынша жұмыс тобы құрылуда - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкіметте гидрометеорологиялық қызметті дамыту бойынша жұмыс тобы құрылуда

Үкіметте гидрометеорологиялық қызметті дамыту бойынша жұмыс тобы құрылуда

Астана. 25-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Үкіметте гидрометеорологиялық қызметті дамыту бойынша жұмыс тобы құрылуда. ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов жиналыс барысында осындай тапсырма берді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 25 Ақпан 2008
  • 477
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Қазақстанның гидрометеорологиялық қызметін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Кеңес барысында гидрометеорологиялық қызметті ұйымдастыру және техникалық жарақтандыру, сондай-ақ, оны әрі қарай дамыту мәселелері талқыланды.

«Кеңес соңында Кәрім Мәсімов Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов жетекшілік жасайтын Қазақстанның гидрометеорологиялық қызметін дамыту жөнінде жұмыс тобын құруға тапсырма берді», — деп көрсетілген хабарламада.

Кеңесте сондай-ақ гидрометеорологиялық қызметтің жедел мәліметтерді және ұзақ мерзімді болжамдарды пайдалануға байланысты қызметтер салаларымен ақпараттық өзара іс-қимыл мәселесі талқыланды.

Кеңеске қатысушылар бірқатар кең өлшемдер бойынша дер кезінде ақпарат ұсынуды қамтамасыз ететін гидропосттар мен метеорологиялық станцияларды одан әрі автоматтандыру жөнінде ақпараттар тыңдап, ұсыныстар енгізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті