«Күнбағыс тұқымы мен өсімдік майын экспорттауға салынған уақытша тыйым мерзімі ұзартылады. Таяуда осындай үкімет қаулысына қол қойылады деп ойлаймын», — деді А. Есімов.
Журналистерге берген сұхбатында еліміздің ауылшаруашылығы министрі экспортқа салынған тыйымды ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін ұзарту жоспарланғанын жеткізді. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, күнбағыс тұқымы мен өсімдік майын экспорттауға салынған уақытша тыйым өткен жылдың қазан айында күшіне енген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті