Төтенше жағдайлар министрі Сырдарияға ауқымды су көлемі жіберіледі деп күтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Төтенше жағдайлар министрі Сырдарияға ауқымды су көлемі жіберіледі деп күтуде

Төтенше жағдайлар министрі Сырдарияға ауқымды су көлемі жіберіледі деп күтуде

Астана. 25 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко Сырдарияға ауқымды су көлемі жіберіледі деп күтуде. Бұл туралы ол бүгін журналистерге берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 25 Ақпан 2008
  • 459
Фото - Caravan.kz

«Біз Сырдарияға жіберілетін су көлемін азайту жөнінде Қырғызстанмен уағдаластыққа келіп, электр қуатын өндірудегі шығындарының орнын толтыру үшін қосымша көмір мен мазут бөлдік, бірақ қазір біз өзенге қосымша ірі көлемде су құйылады деп күтудеміз», — деді В. Божко.

«Бұл Оңтүстік Қазақстанның таулы өңірлерінде нормадан 2-2,5 есе артық көлемде қар жатуына байланысты және содан болып күн жылынып кеткен жағдайда өзенге ауқымды көлемде су құйылмақ», — деді ол.

«Ең бір өкініштісі, осы орайда Шардара су қоймасының толу қарқыны былтырғыдан біршама жоғары болып отыр. Қазір біз мұз ерімей тұрғанда секундына 700 текше метр су өткізе аламыз, ал егер көлем 1200 текше метрден асса, жағдай қиындап, бізге аса күрделі шешімдер қабылдауға тура келмек. Жекелеген учаскелерде бізге зардап шегуге тура келер деп қорқамын», -деді В.Божко.

Ол «Сырдарияның ұзындығы еліміз бойынша тек Қызылорда облысында 1200 шақырымды құрайтынын, жалпы су алған аумақтардың көлемі 1000 шаршы шақырымға жеткенін » еске салды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті