Оңтүстік Қазақстан облысының топан су басқан аудандарында ішімдікке тыйым салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысының топан су басқан аудандарында ішімдікке тыйым салынды

Оңтүстік Қазақстан облысының топан су басқан аудандарында ішімдікке тыйым салынды

Шымкент. 25-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының топан су басқан аудандарында ішімдікке тыйым салынды. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында облыс әкімі Нұрғали Әшімов хабарлады.

  • 25 Ақпан 2008
  • 553
Фото - Caravan.kz

«Төтенше жағдай кезіндегі ереже әскери жағдайға теңестіріледі. Бүкіл су басқан аудандарда ішімдікке тыйым салынады. Барлық арақ дүкендері мен дүкендердің арақ-шарап сататын бөлімдері жабылсын», — деді ОҚО әкімі. Ол осы күндердің ішінде зардап шеккен ауылдарда бірде- бір бұзақылық, тонау немесе қандай да бір басқа заңға қайшы әрекеттер тіркелмегенін хабарлады.

Баспасөз мәслихатында жарияланған соңғы мәліметтерге сүйенсек, қазіргі уақытқа дейін облыс бойынша 48 елдімекен мен 15 ауылдық округты су басқан. 2345 үй су астында қалған. Оның 259-ы өмір сүруге жарамсыз деп танылды. Сегіз мектеп пен бір мешіт те зардап шеккен, 5 көпір қирап, 333 бас мал шығын болған. Жамбыл ауылдық округының Майда Бозай елді мекенінің 22-жастағы тұрғыны қаза тапқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті