Алматы облысында жай үйдің ауласынан сынап табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында жай үйдің ауласынан сынап табылды

Алматы облысында жай үйдің ауласынан сынап табылды

Астана. 26 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысында жай үйдің ауласынан сынап табылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 26 Ақпан 2008
  • 488
Фото - Caravan.kz

ТЖМ ақпаратына сәйкес, Талғарда 25 ақпанда 08 сағат 30 минутта бір үйдің қожайыны ауласынан төгілген сынап тапты.

«Құрамында облыстық төтенше жағдайлар департаменті, мемлекеттік экологиялық инспекция мен мемлекеттік санитарлық эпидемилогиялық қадағалау басқармасының мамандары бар комиссия үйдің айналасында бақша аумағында сынап тамшылары төгілгенін және резеңке контейнерде 700 жуық сынап бар екенін анықтады», — деп хабарлайды ТЖМ.

Министрліктің мәліметінше, бұл аумақта тұру сынаптың қатты булануы мен қар және топыраққа сіңуіне байланысты өмірге аса қауіпті болмақ. Зарарланған аумақта демеркуризациялық шаралар жүргізу, ол үшін арнаулы құрылымдарды тарту ұсынылып отыр. Зардап шеккендер жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті