Бейнеконференцияға Қырғызстанның премьер-министрі Игорь Чудинов, Әлемдік банктің «Doing Business» (Бизнесті жүргізу) жобасының жетекшісі Симеон Дянков және осы банктің Орта Азия елдеріндегі үйлестірушісі Рональд Кларк қатысқан.
И. Чудиновтың айтуынша, Қырғызстан үкіметі елдің рейтингісін жоғарылатуға бағытталған қайта құруларды жүргізу мәселесінде банктің қолдауына және кәсіби көмегіне үміттенеді.
«Мен өз тарапымнан айтарым: бізде саяси ерік пен ниет бар, алайда, бұл мәселеде жеткілікті тәжірибеміз жоқ», — деп атап көрсетті И. Чудинов.
Ел рейтингісін жақсарту механизмдерін жасау мақсатында үкімет басшысы «Doing Business» жобасын жасаушы топты Қырғызстанда 14-наурызда өтетін Қырғыз Республикасы президентінің жанындағы инвестициялық кеңес отырысына қатысу үшін және ел рейтингісін жоғарылату мақсатында ендігәрі жасалар жұмыстарды талқылау үшін Қырғызстанға келіп қайтуға шақырды.
«Біз Қырғызстанның кәсіпкерлерге бизнес жүргізуін жеңілдетуді көздеп отырғандығын қоштаймыз және сіздермен бірге реформалар бойынша қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізу үшін тығыз жұмыс жасайтын боламыз», — деп жауап берді С. Дянков.
Бұл жерде Қырғызстанның «салық төлеуден» 152 орында, «несие алудан» 68 орында екенін айта кеткен жөн. Ал Қазақстан болса, алғашқысынан 44 орында және тиісінше соңғысынан 26 орынға жайғасқан.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті