«Онда 40 млрд текше метр газ және 8 млн тонна сұйық көмірсутегі бар», — деді Ұ. Қарабалин «Өріктау» кенішіндегі газ көлемі туралы журналистердің қойған сауалдарына жауап бере отырып.
«Болжам бойынша жылына 1,5 — 2 миллиард текше метр газ өндіріледі деп күтілуде», — деді ол.
Бұдан бұрын хабарланғанындай, бүгін өткен үкіметтің отырысында ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов «Өріктау» газ кенішін бір айдың ішінде ҚМГ балансына өткізуді тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті