Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «Серік Бүркітбаев басқа жұмысқа ауысқан Азамат Әбдімомыновтың орнына келді».
Серік Мінәуарұлы Бүркітбаев 1957 жылы 7 қыркүйекте туған. 1980 жылы Мәскеу инженерлік-физикалық институтын инженер-физик мамандығы бойынша бітірген. Физика-математика ғылымдарының докторы.
1984-1993 жылдары Қазақстан Ғылым академиясының жүйесінде жұмыс істеген. 1993-1998 жылдары Лазерлік технология жөніндегі Алматы инженерлік орталығын, Қазақ радиотехникалық зауытын басқарған, сондай-ақ «Қазинформтелеком» АҚ, «Қазақстандық телекоммуникация» (КАТЕЛКО) ЖТАҚ, «Қазақтелеком» АҚ президенті.
1998-2000 жылдары Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі қызметін атқарды. Ал 2000-2002 жылдары Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі, соңғы жылдары Қазақ мұнай және гах институтының директоры болып еңбек еткен.
2007 жылдың 10 қаңтарынан «Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ ұжымына жаңа басқарма төрағасы болып тағайындалғанға дейін — Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті