Қарағандыда бір әскери бөлімнің командиріне қатысты қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда бір әскери бөлімнің командиріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қарағандыда бір әскери бөлімнің командиріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қарағанды. 27-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қарағандыда бір әскери бөлімнің командиріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Орталық аумақтың әскери прокурорының орынбасары Владимир Мороз хабарлады.

  • 27 Ақпан 2008
  • 400
Фото - Caravan.kz

«Тексеру барысында Қарағандының әскери бөлімдерінің бірінің командирі өзінің қол астындағыларға заңсыз іссапарларды рәсімдеп отырғаны анықталды», — деп хабарлады В. Мороз.

«Жалған іссапар куәліктерін рәсімдеу есебінен ол өз қол астындағыларды олар ешқайда кетпесе де іссапарларға жіберіп отырған. Куәліктерді қаржылық қызметке ұсынып, шығын-кассалық ордер бойынша ақша алып отырған», — деп атап көрсетті әскери прокурордың орынбасары.

Оның айтуынша, бөлім командирі 1 млн теңгеден астам қаражатты жымқырған.

«Бұл іс бойынша тергеу аяқталып келеді. Ол наурыз айында сотқа беріледі», — деп хабарлады В. Мороз.

Сонымен бірге, Орталық аумақтың әскери прокуратурасы Қарағандының ішкі әскерінің әскери бөлімдерінің бірінің қаржы қызметінің екі жұмысшысына қатысты қылмыстық іс қозғаған.

«Прокурорлық тексеру барысында жалған құжат жасау жолымен заңсыз баю дерегі анықталды. Қаржы қызметінің екі қызметкері (олардың бірі — әскери қызметкер, екіншісі — келісімшарт негізінде жұмыс істеген) де қос жалақы алып келген, яғни, касса арқылы және карт-есепшотына аудару жолымен. Шығын 400 мың теңгеден астам соманы құрады. Тергеу барысында алаяқтықтың бұдан өзге де деректері анықталып қалуы ғажап емес», — деп түсіндірді В. Мороз.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті