Әзербайжан өзінің Косоводағы бітімгершілік батальонын кері шақырып алмақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзербайжан өзінің Косоводағы бітімгершілік батальонын кері шақырып алмақшы

Әзербайжан өзінің Косоводағы бітімгершілік батальонын кері шақырып алмақшы

Баку. 26 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Әзербайжан өзінің Косоводағы бітімгершілік батальонын кері шақырып алмақшы. Бұл жайында парламент депутаты, милли меджилистің қауіпсіздік және қорғаныс жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі

  • 27 Ақпан 2008
  • 355
Фото - Caravan.kz

Захид Оружд азербайжанның ANS телеарнасына берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

З. Орудж ел президентінің осы жөніндегі жолдауы парламентке келгенін хабарлады.

«Косоводағы саяси ахуалдың өзгеруіне байланысты түрік контингентінің құрамында Косовода бейбітшілікті қолдау жөніндегі миссияны атқарушы Әзербайжанның бітімгершілік батальоны кері шақырып алынады. Батальонды кері шақырып алу мәселесі екі күннен кейін комиссияның отырысында талқыланады», — деді З. Оружд.

Әзербайжан әскерилерінің бір взводы 1999 жылдың 1 қыркүйегінен бері, ал екінші взводы 2002 жылдың 20 қарашасынан бері KFOR құрамында Косоводағы бейбітшілік қорғау іс-шараларына атсалысуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті