Европарламент Қырғызстанда "Су-энергетикалық академия" құруды мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Европарламент Қырғызстанда "Су-энергетикалық академия" құруды мақұлдады

Европарламент Қырғызстанда "Су-энергетикалық академия" құруды мақұлдады

Бішкек. 27 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Европарламент Қырғыз Республикасының президентінің Қырғызстанда "Су-энергетикалық академия" құру жөніндегі бастамасын қолдады. Бұл жайында Еуропалық Одақтың Орталық Азия жөніндегі стратегиясының қарарында айтылған, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстан СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 27 Ақпан 2008
  • 412
Фото - Caravan.kz

Стратегияның «Қоршаған орта» атты бөлімінде атап көрсетілгеніндей, Европарламент «Бішкекте барлық Орталық Азия елдері үшін тиісті су пайдалану деңгейіне қол жеткізу, гидроэнергетика өндіру, технологиялар беру жағдайын жақсарту, биологиялық түрлерді қорғау, ауылшаруашылығы және суғару технологияларын жақсарту мақсатында «Су-энергетикалық академия» құру жөніндегі ұсынысты қолдайды».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті