Павлодарда 83 есірткі орамы болған есірткі сатушысы қолға түсірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда 83 есірткі орамы болған есірткі сатушысы қолға түсірілді

Павлодарда 83 есірткі орамы болған есірткі сатушысы қолға түсірілді

Павлодар. 27 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Павлодарда есірткіні сатпақшы болған кезде 36 жастағы ер адам қолға түсті. Бұл туралы бүгін журналистерге аймақтық ісші істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 27 Ақпан 2008
  • 542
Фото - Caravan.kz

Полицияның ақпараты бойынша , «қолға түскен адам Павлодар облыс бойынша негізгі есірткі сатушысы болған». Полиция департаментінде айтқанындай, «Ол 26 ақпанда арнайы «бақылау сатып алу» атты шараларын ұйымдастыру кезінде қолға түсірілді». Оны тексерген кезде оның қалтасынан 83 героин орамы табылды. Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы жарты келіні құрады.

«Күдікті бұдан бұрын 259 бап бойынша үш рет сотталған болатын (заңсыз есірткіні сақтау, сатып алу, сату). Мәселен, 2005 жылы ол Павлодар -Успенка жол трассасында көліктен 300 келі мирихуананы тастаған кезде құрықталды. Соған қарамастан ол қылмыстық жауапкершілікке тартылды «, — деп хабарлайды баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті