"Арселор Миттал" мемлекетке салық түрінде 100 млрд теңгеден аса берешек - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Арселор Миттал" мемлекетке салық түрінде 100 млрд теңгеден аса берешек

"Арселор Миттал" мемлекетке салық түрінде 100 млрд теңгеден аса берешек

Қарағанды. 27 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - "Арселор Миттал Теміртау" компаниясы мемлекеттік бюджетке 100 млрд теңгеден аса салық төлемдері бойынша қарыз. Бұл туралы агенттік тілшісіне Қарағанды облысының Салық комитетінің баспасөз хатшысы Бауыржан Оразғалиев хабарлады.

  • 27 Ақпан 2008
  • 443
Фото - Caravan.kz

«»Оны Арселор Миттал»компаниясының жұмысын 2007 жылы ҚР қаржы министрлігімен бірлесіп тексерген облыстық салық комитетінің қызметкерлері анықтады», — деп түсіндірді Б. Оразғалиев.

Оның сөздері бойынша «Арселор Миттал» компаниясы тексеру қорытындыларымен келіспей ауданаралық экономикалық сотына шағым түсірді. Алайда сот олардың шағымдарын қанағаттандырмай, салық қызметінің төлемге берген есеп- қисабы дұрыс деп шешті.

Жуырда сот шешімі күшіне енуі керек болатын, алайда «Арселор Миттал» компаниясының заңгерлері аппеляциялық шағымын облыстық сотқа тапсырды.

Компанияның әрбір сотқа шағымдануы 500 млн теңгені құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті