Семейде жол көлік апатынан зардап шеккен жедел жәрдем дәрігерін соққыға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде жол көлік апатынан зардап шеккен жедел жәрдем дәрігерін соққыға алды

Семейде жол көлік апатынан зардап шеккен жедел жәрдем дәрігерін соққыға алды

Семей. 27 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Семейде жол көлік апатынан зардап шеккен жүргізуше жедел жәрдем дәрігерін соққыға алды. Бұл туралы агенттік тілшісіне медициналық көмек көрсету стансасында хабарлады.

  • 27 Ақпан 2008
  • 435
Фото - Caravan.kz

Дәрігерлердің айтуынша, Ертіс көшесінде түнгі сағат 2 -де жол көлік оқиғасы орын алды. «Апат орнына келген дәрігерлер бригадасы сол жағына аударылған «Тойота» көлігін көрген. Жол полициясының қызметкерлері жол көлік апатында зардап шеккендерді басқа көлікпен әкеткен, ал көлік жүргізушісі орнында қалған», -деп түсіндірді стансадағылар.

«Дәрігер (ер адам) жүргізушінінің денсаулығын тексермек болып оны мәшиненің ішіне кіруін өтінген. Ер адам өктеп сөйлеп, көмектен бас тартты. Кейін ол дәрігердің қасына келіп оның көзінен ұрған. Соққы тым қатты болғандықтан, дәрігердің миы шайқалып, көзі жарақаттанды», — деді медициналық көмек көрсету қызметкерлері.

Зардап шеккен дәрігер полицияға шағым түсірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті