«Алдымыздағы басты міндет — берілген дәлізде инфляцияны ұстап тұру. Және де бұдан маңызды міндет жоқ. Қаңтар айында инфляция желтоқсанмен салыстырғанда 1,1 пайызды құраған, бұл көрсеткіштің 50 пайызы көкөніс өнімдері бағасының өсуіне негізделіп отыр. Біз Қазақстанды халықтың қол жетерлік бағадағы көкөністермен қамтамасыз етуге тиіспіз»,- деп мәлім В. Школьник.
В. Школьниктің пайымдауынша, қазіргі уақытта бұл міндетті шешудің екі жолы бар: осында, облыста көкөніс өнімдерін өндіруге ынталандыру және жеміс-жидектер мен көкөністерді басқа елдерден тасымалдауға барынша себепші болу.
ҚР Индустрия және сауда министрлігінің сауда бөлімінің төрағасы Айдар Қозыбақов өз баяндамасында, облыстағы ахуалмен таныса келе Қазақстанның оңтүстігінде көкөніс өнімдерінің тауарлық қорының жоқ екендігін айтуға мәжбүр екендігін атап өтті.
«Біз кеше «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен бірге аталмыш проблемаға қатысты мәселелерді пысықтадық. Өкінішке орай, дәл осындай жағдайда Оңтүстік Қазақстан облысынан ақпан — сәуір айларында көкөніс тасымалдау мүмкіндігі болмай отыр. Нарықта ұсыныс жоқ. Күзде құрылған қор жетпеді. Бағаның шарықтауы басталып та кетті. Көкөністер жоқ, көрші елдерден тасымалдау қажет. Мамыр айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысынан фьючерстік қаржыландыру жағдайында тұрақты тасымалдау реттелуі мүмкін. Біз барлық әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға «Оңтүстік» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен фьючерс жөніндегі мәселені пысықтауды ұсындық»,- деді А. Қозыбақов.
Сонымен қатар, олардың пайымдауынша, көкөніс өнімдерін көктемгі сатып алу үшін мемлекеттік сатып алу жүйесіне өзгертулер енгізу керек, деп атап көрсетті А. Қозыбақов. «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары үшін тендерлік процедура бойынша іс-әрекет ету қажеттілігін алу керек. Әйтпесе бұл ұзаққа созылып кетеді»,- деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті