«Параолимпиадаға қатысушылардың дайындығы жүріп жатыр. Алайда, екі шара (Олимпиада және Параолимпиада ойындары) бір-біріне ілесе жүргізіледі. Он екі мүшесі сау спортшылардан Олимпиада жолдамасына ие болғандар ғана барады. Қазір бізде 74 жолдама бар. Шамамен 100 жолдама алуды жоспарлап отырмыз. Ал параолимпиадашыларға жолдама таратылмайды. Барлығы қаржылық мүмкіндікке және дайындық деңгейіне байланысты», — деді А. Құлназаров.
«Біз параолимпиадалық делегация құрамына 15 адамды қосуды жоспарлаудамыз. Әлі олардың нәтижелеріне де қарайтын боламыз. Дайын емес спортшыны апарудың қажеті шамалы. Біз үшін Пекинге екі олимпиадаға қатысушыларды бірге апару қиындау болады. Сондықтан, параолимпиада құрамасы бойынша нақты шешім жазда кәдуілгі спортшылардың лицензия алу мәселесі айқындалғаннан кейін шығарылады», — деп сөзін жалғастырды ол.
«Қазақстанның параолимпидашылары арасында 77 спорт шебері бар. «Халықаралық деңгейдегі спорт шебері» атағын алатын адам әзірге жоқ», — деп атап көрсетті ол. А. Құлназаровтың мәліметтеріне сүйенсек, 2004 жылы Афиныда өткен Параолимпиада ойындарына мүмкіндігі шектеулі 8 спортшы барған.
Сонымен қатар, ол ертеңнен бастап Қазақстан Республикасы үкіметінің «Параолимпиада ойындарында спортшылар мен бапкерлерді жоғары нәтижеге қол жеткізуге жігерлендіру мәселесі туралы» қаулысы күшіне енетінін еске салды. Бұл құжатқа сәйкес, Пекинде бірінші орыннан бастап алтыншы орынға дейін қол жеткізген қазақстандық спортшылар мен олардың бапкерлері тиісінше 50 000$, 35 000$, 25 000$, 14 000$, 6 000$ және 4 000$ көлеміндегі бір реттік ақшалай сыйақыға ие болады. «Өткен Параолимпиада ойындарында бұл сыйақы көлемі қазақстандық спортшылар үшін жеңгендеріне бар болғаны 300 АЕК көлемінде болған еді», — деп еске салды А. Құлназаров.
Оның мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі уақытта Қазақстанда ресми түрде мүгедек деп танылған, бірақ, спортпен үнемі шұғылданып отыратын 12 мың адам тіркелген.
Бұрын хабарлағанымыздай, Пекинде өтетін Олимпиада ойындарының қазақстандық жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне төленетін бір реткі төлем бірінші орынға — 250 000$, екінші орынға — 150 000$, үшінші орынға — 75 000$, төртінші орынға — 30 000$, бесінші орынға — 10 000$ және алтыншы орынға — 5 000$ көлемінде бекітілген.
Параолимпиада ойындары — мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы жарыстар. Параолимпиада ойындары ХХІХ жазғы Олимпиада ойындары аяқталған соң екі аптадан кейін болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті