«Заң жобасының мақсаты Қазақстан Республикасының Әділет және Ішкі істер министрліктері арасындағы өкілеттілік аясын шектеуге саяды», — делінген мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитетінің қорытындысында.
«Ішкі істер министрлігінің ішкі әскеріне ер адамдарды қамауға арналған түзету мекемелерін күзету, ал қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне әйелдерді қамауға арналған тәрбиелеу колониялары, тергеу абақтылары мен түрмелер секілді түзету мекемелерін қорғау міндеті жүктеледі», -делінген құжатта.
Заң жобасы сенаттың қарауына ұсынылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті