«Бұл берешек 2003 жылдан бері қалыптасқан. Сондай-ақ, тағы бір атап өтерлігі, «Қазақтелеком» АҚ 2005 жылдан бері «Арна» АҚ өтінішінің негізінде берешекті кезең-кезеңмен өтеу туралы келісімге екі мәрте қол қойған. Шарт талаптарын «Арна» АҚ орындаған жоқ. Алайда, осындай келісімге қарамастан, берешек көлемі тек ұлғая түсті», — деп хабарлайды «Қазақтелеком».
Сонымен бірге, «Қазақтелеком» АҚ-ның баспасөз қызметінің мәліметінше, «Арна» АҚ Қазақстанның қолданыстағы заңнамасының талаптарын бұзып отыр және кейінгі үш жыл бойы үкіметтің 2005 жылдың 27 қазанындағы №1080 қаулысымен бекітілген «Қосылу туралы типтік келісім-шартына» негізсіз әрі айқын емес себеппен қол қоюыдан жалтаруда. «Қолданыстағы нормативтік актілерге сәйкес, байланыс операторлары абоненттерге желі ресурстарын ұсынған және траффикті өткізген кезде өзара осындай келісім-шартына қол қоюға міндетті», -деп түсіндіреді компаниядағылар.
«Сонымен бірге, «Арна» АҚ уәкілетті мемлекеттік органдар мен БАҚ-тарды «Қазақтелеком» АҚ-ның Қазақстандағы Интернет-қызметі нарығындағы ахуалы жайлы жалған айтып адастырып отыр. Осы орайда «Арна» АҚ-ның өзі еліміздегі ең ірі 10 Интернет-провайдерлердің қатарына енеді, өзіне жеке тиесілі сыртқы тәуелсіз Интернет-каналдары бар. Қазір Интернет-қызметін көрсету Қазақстандағы телекоммуникациялар нарығының жоғары бәсекелестік жағдайындағы сегменті болып саналады», -деп мәлімдейді «Қазақтелеком» .
Қазіргі жағдаймен Қазақстанның уәкілетті мемлекеттік органы Интернет желісіне шығу және мәлімететр жалғастыру қызметін көрсету бойынша кәсіпкерлік іс-қызметпен айналысуға 400-ден астам лицензия берген. «Арна» АҚ-ына сыртқы Интернет-каналдарға тиімдірек бағаға қосылу үшін басқа Интернет-провайдерлермен байланыс орнатуға ешқандай кедергі келтіріліп отырған жоқ», — делінген хабарламада.
«»Арна» АҚ-ның «Қазақтелеком» АҚ іс-әрекеттерінің заңсыздығы туралы мәлімдемесі ешбір негізі жоқ, деректерді қасақана бұрмалаған, «Қазақтелеком» АҚ-ның имиджі мен іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәлімдеме болып табылады. Бұның бәрі осындай шабуылдар қордаланып қалған берешекті қайтармаудың сылтауы деп бағамдауға негіз болуда», -делінген компанияның хабарламасында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті