Қырғызстан астық бағасының қымбаттауынан қашып құтыла алмайды - Қырғызстан премьері - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан астық бағасының қымбаттауынан қашып құтыла алмайды - Қырғызстан премьері

Қырғызстан астық бағасының қымбаттауынан қашып құтыла алмайды - Қырғызстан премьері

Бішкек. 2 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан астық бағасының қымбаттауынан қашып құтыла алмайды. Бұл туралы премьер болғанына 100 күн толуына орай журналистермен өткізген кездесуінде Қырғызстан Республикасының премьер-министрі Игорь Чудинов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 2 Сәуiр 2008
  • 522
Фото - Caravan.kz

«Астық пен ұн бағасы бүкіл әлемде қымбаттауына байланысты Қырғызстан баға қымбаттауын айналып өте алмайды. Алайда, біз 290 мың әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға тұрақты бағамен беруге кепілдік бере аламыз», — деді И. Чудинов.

Үкіметтің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылдап жатқан шаралары туралы әңгімелей отырып, ол астық тапшылығы немесе оған деген үлкен сұраныс туындамауы үшін үкімет барлық шараларды жасап жатқанын ескертті. Осы мақсатта көктемгі тұқым себу жұмыстарына дайындалу үшін ағымдық және қысқа мерзімді шаралар қабылданған.

«Биыл 10 мың тонна солярканы сатып алу қаржыландырылды. Бұл дегеніміз тұқым себу жұмыстары үшін қажет мөлшердің 25 пайызы. Біз 10 мың тонна солярканы жеңілдетілген бағамен сатамыз. Оның бағасы литріне 20,5 сом болады. Бұл шаруаларға жасалған айтарлықтай көмек. Минералды тыңайтқыштар мен 306 трактор сатып алынды. 70 трактор келіп те үлгерді», — деп хабарлады премьер-министр.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге жеңілдетілген 7 пайыздық мөлшерлемемен несие беру үшін Аилбанк арқылы 100 млн сом қаржыландырылған.

И. Чудиновтың айтуынша, нарықтағы астық жетіспеушілігін тудырмау үшін Мемлекеттік материалдық қорға 50 мың тонна астық сатып алуға ақша бөлінген. Қырғызстанның қорында барлығы 90 мың тонна астық болады.

«Бұл мамыр айынан бастап жаңа астық түсіміне дейін ауыртпалықсыз жету үшін жеткілікті қор. Астық болады», — деп сендірді үкімет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті