Семейде өрт салдарынан 14 жасар мектеп оқушысы зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде өрт салдарынан  14 жасар мектеп оқушысы зардап шекті

Семейде өрт салдарынан 14 жасар мектеп оқушысы зардап шекті

Семей. 2 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Семейде өрт салдарынан 14 жасар мектеп оқушысы зардап шекті, деп хабарлайды агенттік қалалық өртке қарсы күрес қызметінің басқармасына сілтеме жасап.

  • 2 Сәуiр 2008
  • 416
Фото - Caravan.kz

Басқарма ақпаратына сәйкес, кеше 18 сағат шамасында қалалық өртке қарсы күрес қызметінің кезекші бөліміне Восточный ауылындағы жай үйде өрт шыққаны туралы хабар келген.

«Өрт салдарынан 8 сынып оқушысы зардап шегіп, балалар ауруханасына күйікпен жатқызылды. Пәтерде жалпы аумағы үш шаршы метр жерде жиһаз өртенген», — деп хабарлайды басқармадағылар.

Өрт себептері мен кінәлі тұлғалар анықталу үстінде.

Басқарма мәліметінше, жыл басынан бері Семейде 172 өрт шықты, оның 110-ы жай үйлер секторында шыққан. Жалпы сегіз адам қаза тапты, оның біреуі — бала.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті