Қарағандыда тепловоз және түсті кен тиелген төрт платформа шойын табанынан шығып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда тепловоз және түсті кен тиелген төрт платформа шойын табанынан шығып кетті

Қарағандыда тепловоз және түсті кен тиелген төрт платформа шойын табанынан шығып кетті

Алматы. 3 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қарағандыда тепловоз және түсті кен тиелген төрт платформа шойын табанынан шығып кетті, деп хабарлайды агенттік ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігіне сілтеме жасай отырып.

  • 3 Сәуiр 2008
  • 493
Фото - Caravan.kz

ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің мәліметтері бойынша, 2 сәуірде 16 сағат 30 минутта Қарағанды қаласының темір жүк жолындағы Ащысу-Көкпекті аралық өткелінде түсті кен тиелген 4 платформа шойын табанынан шығып кетті. «Поездардың қозғалысы тоқталмады. Зардап шеккендер мен өлім-жітім туралы ақпарат келіп түскен жоқ», — деп хабарлайды баспасөз қызметіндегілер.

Төтенше оқиғаның жою жұмыстарына Қарағанды -Сортировочная темір жол бекетінің поезі мен 15 қызметкер жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті