Баспасөз қызметінің хабарламасына сүйенсек, кездесу кезінде төтенше жағдайлар министрі министрліктің құрылымында жүргізіліп жатқан әкімшілік реформа бойынша түсініктеме берді және Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментінің қайта тағайындалған бастығы Қадыр Бейсембаевты таныстырды.
«Министр күш пен құралдардың дайындығымен танысты, Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерінің жетекшілерінің баяндамаларын тыңдады, №1 арнайы өрт сөндіру бөлімшесінің, Орал қаласының арнайы құтқару отрядының жұмысшыларымен кездесті», — деп көрсетілген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сонымен қатар, баспасөз қызметінен хабарлағандай, В. Божко мұнай-газ секторының кәсіпорындарында төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жоюмен және қауіпсіздікті қамтамасыз етумен айналысатын «Ақ Берен» РМҚК Батыс Қазақстан бөлімшесінің базасында болып, облыс орталығының халқымен кездесу өткізді.
Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, сапар барысында Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовпен кездесті. Облыстағы сең жүру жағдайы мен орман өрттерінің алдын алу мәселелерін шешу үшін ынтымақтасу мәселелері талқыланды.
Кешке таман В. Божко Қазақстанның батыс өңіріндегі жұмыс сапарын жалғастыру үшін Атырау облысына ұшып кетті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті