ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрі жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрі жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барады

ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрі жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барады

Ақтау. 3 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрі Владимир Божко 3-4 сәуір аралығында жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барады. Бұл туралы агенттік тілшісіне облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 3 Сәуiр 2008
  • 486
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, жұмыс сапары аясында ҚР ТЖМ территориалдық бөлімшелердің жеке құрамының басшыларымен алқа жиналысы өткізіледі. Министр сондай-ақ құрылымдық бөлімшелерді, құтқару және өртке қарсы техникасын қарап шығады.

Сонымен қатар, В. Божко «МАЭК-Қазатомпром»ЖШС мен «Ақтау халықаралық сауда теңіз порты» РМК барады. Теңіз апатты-құтқару отрядтары үшін бөлінген аймақты көріп шығады. Ал Жаңаөзенде «Ақ Берен» РМК жұмысымен танысып қайтады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті