ОҚО пара алды деген күдікпен бір шенеунік пен ИЧ-167/3 қызметкері құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО пара алды деген күдікпен бір шенеунік пен ИЧ-167/3 қызметкері құрықталды

ОҚО пара алды деген күдікпен бір шенеунік пен ИЧ-167/3 қызметкері құрықталды

Шымкент. 3 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы мен ИЧ-167/3 шұғыл уәкілі пара алды деген күдікпен қолға түсірілді, деп мәлім етті ОҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы Жұпар Мамытова, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 3 Сәуiр 2008
  • 664
Фото - Caravan.kz

«Сайрам ауданының еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекші маманы, бөлім меңгерушінің оны жұмысқа орналастыруы үшін 70 мың теңге көлемінде пара талап етіп отырғандығы жөнінде арыз тапсырды «, -деп хабарлады баспасөз хатшысы.

Ж. Мамытова айтқанындай жетекші маманы 2007 жылдың 10 желтоқсанында жұмысқа қабылданды.

Шұғыл тергеу шараларын өткізу кезінде қаржы полициясының қызметкерлері бөлім меңгерушінің 70 мың теңге көлемінде ақша алған кезінде құрықтады. Бұл оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабының 2-тармағы(пара алу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, қаржы полициясына Шымкент тұрғынынан қамауда отырған сотталғанмен кездесу үшін ИЧ 167/3 мекемесінде одан 10 мың теңгені талап етіп отырғандығы жөнінде арыз келіп түсті. Шұғыл тергеу шараларын өткізу кезінде қаржы полициясының қызметкерлері 32 жастағы әділет аға лейтенантының алты мың теңге мөлшерінде пара алып жатқаны кезінде ұсталды.

Бұл оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабының 2-тармағы(пара алу) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті