"Транстелеком" АҚ алдағы үш жылда бес мың шақырымнан астам оптикалық-талшықты байланыс желісін тартуды жоспарлауда - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Транстелеком" АҚ алдағы үш жылда бес мың шақырымнан астам оптикалық-талшықты байланыс желісін тартуды жоспарлауда

"Транстелеком" АҚ алдағы үш жылда бес мың шақырымнан астам оптикалық-талшықты байланыс желісін тартуды жоспарлауда

Астана. 3 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - "Транстелеком" АҚ алдағы үш жылда бес мың шақырымнан астам оптикалық-талшықты байланыс желісін тартуды жоспарлауда. Бұл туралы бүгін "Қазақстан Темір Жолы ҰК" АҚ-ның ақпараттандыру жөніндегі атқарушы директоры Қали Әбдиев "Темір жол транспортында ақпараттық технологияларды дамыту" атты халықаралық конференцияда мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 3 Сәуiр 2008
  • 582
Фото - Caravan.kz

«Біздің компанияның мәліметтер жалғастыру желісін дамыту бағдарламасы бар. Бұл жұмыспен біздің еншілес компаниямыз — «Транстелеком» АҚ айналысады, — деді Қ. Әбдиев.

«Олар алдағы үш жылға арналған бағдарламаны бекітті, оның басты мақсаты бес мың шақырымнан астам оптикалық-талшықты байланыс желісін тарту «, — деді ол.

«Бұл жұмыстарды аяқтаған соң біз қазіргі заманғы транспорттық ортаға ие боламыз, ол біздің ақпараттандыру жөніндегі барлық жобаларымызды жүзеге асыруға мүмкіндік береді», — деді Қ. Әбдиев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті