Қостанай облысында электр қуатының бағасы айтарлықтай қымбаттайды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында электр қуатының бағасы айтарлықтай қымбаттайды

Қостанай облысында электр қуатының бағасы айтарлықтай қымбаттайды

Қостанай. 3 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қостанай облысында электр қуатының бағасы айтарлықтай қымбаттайды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қостанай облысы бойынша басқармасының бастығы қызметін атқарушы Николай Пичкаревке сілтеме жасай отырып.

  • 3 Сәуiр 2008
  • 572
Фото - Caravan.kz

«1 мамырға дейін Қостанай облысын электр қуатымен қамтамасыз ететін барлық компаниялардың тарифтерді көтеру жөнінде тапсырған арыздары қарастырылады. Ондағы тарифтер бүгінгі электр қуаты бағасынан 20 пайызға артық «, — деді Н. Пичкарев.

Ол атап өткеніндей, «олардың бәрінің бір ғана себебі көрсетілген- «Екібастұз»АЕS электр қуатының 1 киловат сағатын 2 теңге 18 тыйыннан 3 теңге 25 тыйынға дейін көтерілгендігі».

«Электр қуатын сатып алу құнының өсуі 49% болып белгіленсе, тұтынушылар үшін жіберілетін тариф 23,5% көтеріледі. Яғни, қазір тұтынушылар 6,07 теңгені төлеп отырса, ал біздің жасаған есеп -қисабымыз бойынша арызда 8,723 теңгені көрсеттік», — деді «Қостанай Энергоорталық» ЖШС қаржы және экономика жөніндегі директоры.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті