Өскеменде нан қымбаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде нан қымбаттады

Өскеменде нан қымбаттады

Өскемен. 3 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Өскеменде нан қымбаттады. Бұл туралы агенттік тілшісіне Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің салық саясаты мен болжау бөлімінің бас маманы Әділжан Қоқырбаев хабарлады.

  • 3 Сәуiр 2008
  • 471
Фото - Caravan.kz

«Нан орта мөлшермен 5 теңгеге қымбаттап қазіргі күні бір бөлке нанның құны 55 теңгеге жетті», — деді Ә. Қоқырбаев. «Бұл жерде коммерциялық ұннан пісірілген нан бағасы ғана қымбаттады. Ал тұрақты бидай қорының бидайынан тартылып шығарылған нан бұрынғы 43-45 теңге бағасымен сатылуда «, — деп атап өтті ол.

Ә. Қоқырбаев хабарлағанындай бүгінгі күні қымбаттаудың себеп-салдары анықталып жатыр. «Біздің пікірімізше басқа аймақтардан соның ішінде Ресейден әкелініп жатқан коммерциялық ұн құнының қымбаттауынан нан бағасы көтерілді. Осыған орай өндірісшілер өз өнімдерінің бағасын көтеруге мәжбүр болып отыр «, — деді ол.

Ә. Қоқырбаевтың ақпараты бойынша, жағдайды тұрақтандыр үшін ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Өскеменде нанды шығаратын негізгі өндіріс орны болып саналатын «Нежебицкий» наубайхана жетекшісімен кездеседі.

» Бұл наубайханаға әлеуметтік ұнды бөлу жөнінде мәселе қарастырылып, жалпы бағаның одан әрі шарықтауына жол бермеу үшін әлеуметтік ұнның интервенциясын жасау жоспарланып отыр «, -деп түсіндірді маман.

«Сонымен қатар, нан бағасын одан әрі көтермеу мақсатында басқа да өндірісшілермен меморандумға қол қойылуы мүмкін «, -деп қорытындылады Қоқырбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті