Қырғызстан латын қарпіне әзірге көшпейді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан латын қарпіне әзірге көшпейді

Қырғызстан латын қарпіне әзірге көшпейді

Бішкек. 4 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан латын қарпіне әзірге көшпейді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстан Республикасы президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 3 Сәуiр 2008
  • 381
Фото - Caravan.kz

«Құрманбек Бакиевпен өткен кездесуде білім және ғылым министрі Ишенгүл Болжырова Қырғызстан Республикасының латын қарпіне көшуі әлі ерте дегенді айтты. Оны жүзеге асыру үшін бірінші кезеңнің өзінде бес миллиард сом қаржы жұмсалуы тиіс. Мемлекет басшысы министрдің бұл пікірімен толық келісіп, қазіргі кезде республика экономикасы бұл бағыттағы жұмыстарға қаржы салуға мүмкіндігі жоқ деді. Ол атап өткеніндей, елде білім беру сапасының күрт төмендемеуі үшін, қолда бар барлық білім беру негіздерін пайдаланып сақтау керек», — деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

И. Болжырованың айтуынша, бүгінгі күні республика бойынша мемлекеттік тілде 644 мың оқушы білім алуда. Мектептерді кітаптармен толық қамтамасыз ету үшін 8 млн дана оқулық қажет, алайда қазір оның тек 3 млн 900 мың данасы бар. Ал орыс тілінде дәріс беретін білім ордаларында оқулықтар 70 пайызға , өзбек тіліндегі оқулықтар 77 пайызға қамтамасыз етілген.

Президент атап өткеніндей, қазір үкіметке қырғыз тілінде оқулықтарды басып шығару үшін қосымша 100 млн сом қаржы бөлу туралы тапсырма берілді.

Қырғызстанда $1=36.5 сомға тең

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті