Тараздың тергеу қапасының 10 қызметкері қылмыстық жауапқа тартылады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тараздың тергеу қапасының 10 қызметкері қылмыстық жауапқа тартылады

Тараздың тергеу қапасының 10 қызметкері қылмыстық жауапқа тартылады

Тараз. 3 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Тараздың тергеу қапасының 10 қызметкері прокурорлық тексеру қорытындылары бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Бұл туралы агенттік тілшісіне Жамбыл облысының азаматтарды бейімдеу және жазаны атқарудың заңдылығын қадағалау жөніндегі прокурорының аға көмекшісі Ерлан Сатыбалдиев хабарлады.

  • 3 Сәуiр 2008
  • 553
Фото - Caravan.kz

Барлық он қызметкерге сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қатысы бар деген айып тағылуда. Сонымен қатар тергеу қапасының бұрынғы бастығы Б. Мәнтеев қызмет орнынан босатылып, оның орынбасары Е. Бәйтішев қылмыстық атқару жүйесі органдарынын кетірілді.

«Тергеу қапасындағы тәртіп тәжірибесі көрсеткеніндей, құқық қорғау органдары қызметкерлері талаптарға сай келмейтін ауыр тәртіптік шараларды қолданылып, шектен тыс шыққан», — деді Е. Сатыбалдиев.

Мысалы ҰҚТ жетекшісі Қ. Қырықбаев, Р. Инаятұлыдан ұялы байланыс телефондары табылғанда, тергеу қапасының әкімшілігі оларға қатысты тиісті шараларды қолданбай, сөгіс берумен ғана шектелді. Шын мәнінде бұл режимнің ауыр заң бұзушылықтарының бірі болып саналады. Ал басқаларға қатысты қолданылған шараларға тоқталап болсақ, өткен жылдың 22 қазан айында тергеуде жатқан В. Леоньтьев тексеруге кеш шыққаны үшін бес тәулікке карцерге қамалды.

Е. Сатыбалдиев атап өткеніндей тергеу қапасындағы жағдайдың оңтайлы екенін көрсету үшін әкімшілік тәртіптік тәжірибесі бойынша жасалатын статистикалық мәліметтерді өзгертіп отырған.

«Тергеу қапасының режимдік жұмысында тыйым салынған заттарды тәркілеу және бұл жұмысты ұйымдастыру жағынан айтарлықтай кемшіліктердің бары анықталды. Тергеу қапасындағы режимнің жағдайына байланысты 2007 жылы жасалған қорытындыда кесетін-тесетін 223 зат кіргізу кезінде тәркіленгендігі көрсетілген. Тексеру кезінде анықталғанындай, бұл құжатта камераларда жүргізілген тінтулер кезінде кесетін-тесетін 62 заттың тәркіленгендігі жөнінде бір ауыз сөз жазылмаған «, — деп хабарлады прокуратура өкілі.

«Тексеру кезінде сондай-ақ, 2007 жылы тергеу қапасының шұғыл қызметтері басқа құқық қорғау органдарымен төтенше оқиғаларды алын алу жөнінде тәжірибе алмасып,тікелей қарым қатынастарын жасамаған «, — деді прокурордың көмекшісі.

Оның сөздері бойынша қапаста шұғыл қызметтің нашар жұмыс істеуінен өткен жылдың 2 қазанында ҰҚТ жетекшісі Қ. Қырықбаевтың қапастан қашуы ұйымдастырылды. Ал 2007 жылдың 29 желтоқсанында аса қауіпті үш қылмыскер қапастан қашып,іздерін суытты.

Әкімшілік сондай-ақ, қызметкерлер арасындағы тәртіп жөнінде мағлұматтарды теріс беріп отырған. 2007 жылы қапас бастығының орынбасары Е. Бәйтішев ҰҚТ жетекшілері Қырықбаев Әбдуәли, Қоңысбаевқа олардың туыстарымен кездесуін заңсыз беріп отырған.

«Тергеу қапасына қамалғандар мен жауапты қызметкерлері арасындағы байланыс туралы дерек 2007 жылы жасалған қорытынды есебінде көрсетілмеген. Жалпы СИЗО бұрынғы бастығы Б. Мәнтеев пен оның бірінші орынбасары Е. Бәйтішев 2007 жылдың мамыр-қазан айлары аралығында қапасқа қамалғандарға 12 заңсыз кездесуді ұйымдастырған», — деп атап өтті Е. Сатыбалдиев.

«Қапас ғимаратының техникалық жағдайы нашарлаған. Медициналық санитарлық тексерулері көрсеткенінде, қапастың санитарлық нысандарына (кір жуу комбинаты, монша, асхана, қоймалар)20 жылдан бері күрделі жөндеу жұмыстары жасалмаған. Тергеу қапасындағы инженерлік- техникалық құрал жабдықтар мен күзет жүйесі талаптарға сай емес», — деп хабарлады Е. Сатыбалдиев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті