«Қазақстан қор биржасымен келіссөздер жүргелі де бір жылға жуықтап қалған шығар… Біз өткен жылы ережелерімізді, нарығымызды, АӨҚО мен негізгі алаңда бар салықтық жеңілдіктерді бірлестіреміз және Қазақстан қор биржасы мен АӨҚО-н қосып, Алматы өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңын құрамыз деп уағдаласқан едік», — деп еске салды Ә. Арыстанов.
«1 маусымнан бастап жаңа листинг ережелерін енгізуді жоспарлап отырмыз. Ол бізге Қазақстанның көптеген компанияларын қор нарығына тартуға мүмкіндік бермек», — деді ол.
Жаңа ережелердің жобасы нормативтік құқықтық акт. Ол қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған екі нормативтік құқықтық актіні алмастыруы тиіс. Ол Қаржылық бақылау агенттігі басқармасының 2007 жылдың 30 наурызындағы №73 «Қор биржасының айналымына жіберілетін эмитенттерге және олардың құнды қағаздарына, сондай-ақ, қор биржасы тізімінің кейбір жекелеген санаттарына қойылар талап туралы» қаулысы мен Алматы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің төрағасының 2006 жылдың 8 қыркүйегіндегі №5 «Құнды қағаздары Алматы қалалық өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне қосылған немесе қосылуы жоспарланып отырған эмитенттерге және осындай құнды қағаздарға қойылар талапты бекіту туралы» бұйрығы. «Егер осыған дейін біздің листингтік ережелерімізде акцияның да, облигациягың да эмитенттері үшін бірдей талап қойып келген болса, ендігәрі акция мен облигацияларға қойлатын талаптар принциптік тұрғыдан бөлінетін болсады», — деп хабарлады Қазақстан қор биржасының президенті Азамат Жолдасбеков листингтік ереженің техникалық айырмашылықтарын салыстыра тұрып.
«Даму стратегиясына сәйкес акциялар үш түрге бөлінеді: blue chips (көгілдір фишка) — қазір құнды қағаздары Қазақстанның қор биржасының индексін есептеу үшін пайдаланылатын 12 шамасындағы эмитенттер, mid cap (орташа капиталданған компаниялар) — эмитенттердің негізгі бөлігі және start up — өсу үстіндегі компаниялар тобы», — деп түсіндірді ол.
Қазақстан қор биржасы президентінің айтуынша, облигация секторы да негізгі екі топқа бөлінетін болады: белгілі бір рейтингке ие облигациялар және рейтингте жоқ облигациялар. Және белгілі бір рейтингтік бағалауы жоқ облигациялар қаржылық көрсеткіштеріне байланысты екі санатқа ажыратылады», — деп сөзін толықтырды ол.
Сонымен қатар, А. Жолдасбеков хабарлағандай, қазіргі күні не нормативтік-құқықтық актілермен, не біздің ішкі құжаттарымызбен қорғалмаған және акция да емес, облигация да емес құралдардың үшінші тобы қосылады. «Бұл әртүрлі туынды қаржылық құралдар, индекстік қорлар, пай қорлары…», — деп атап көрсетті Қазақстанның қор биржасының президенті.
Қазақстан қор биржасы қаржы нарығына қызмет көрсететін Қазақстандағы жалғыз биржа. Бұл репо нарығының құралдарымен, шетел валюталарымен (АҚШ доллары, евро, Ресей рублі), қазақстандық және шетелдік эмитенттердің мемлекеттік және мемлекеттік емес құнды қағаздарымен, халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларымен сауда жүргізетін әмбебап алаң. Қазақстан қор биржасы Алматы қалалық өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының операторы болып табылады. 2008 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстан қор биржасының жеке капиталы шамамен 9,7 млн АҚШ долларын құраған. 2007 жылы Қазақстан қор биржасындағы сауданың жалпы айналымы 322,5 млрд АҚШ долларына жеткен. Қазақстан қор биржасының акция нарығының капиталдануы 2008 жылдың 1 сәуірінде 55,2 млрд АҚШ долларына жетсе, корпоративтік облигация нарығы — 12,0 млрд долларды құраған.
Алматы қалалық өңірлік қаржы орталығын құру жобасына бастамашы болған Қазақстан Республикасының президенті. Мемлекет басшысы оны алғаш рет Қазақстанның банктер қауымдастығының мүшелерімен 1995 жылғы кездесуінде, сондай-ақ, 2004 жылдың қарашасында Қазақстанның қаржыгерлер конгрессінде айтқан болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті