ОҚО жалған кәсіпкерлер мемлекетке 6 млрд теңгеге шығын келтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО жалған кәсіпкерлер мемлекетке 6 млрд теңгеге шығын келтірді

ОҚО жалған кәсіпкерлер мемлекетке 6 млрд теңгеге шығын келтірді

Шымкент. 4 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы полициясы жалған кәсіпкерлікпен айналысқан Шымкенттің 33 жасар тұрғынына қатысты істі тергеп жатыр. Бұл туралы ОҚО сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі департаментінің баспасөз хатшысы Жұпар Мамытова хабарлады.

  • 4 Сәуiр 2008
  • 521
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, қолға түсірген күдікті және тағы ды басқа адамдар алдын ала қылмыстық келісімге келіп кәсіпкерлердің айналымындағы қаржысын салықтан шығаруға арналған бірнеше фирмаларды тіркеп құрған.

Сөйтіп жалған «Тандем-Трио» ЖШС, «Галерея және К» ЖШС, «Сириус-07», «Лизинг Х», «Victoria Юг», «Лидия ТоргСтрой», «Erfold LTD» және басқа жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер тіркелген.

«Қылмыстық келісімнің қатысушылары есептік құжаттарды жалған келісімдер бойынша толтырып, соның салдарынан жалпы бюджетке 6 млрд теңге мөлшерінде міндетті төлемдер мен салық түспей қалған «, — деп хабарлады Ж. Мамытова.

Қазіргі кезде бұған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы бойынша(жалған кәсіпкерлік) қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті