Ақтөбе облысының сот орындаушылары алиментін төлемеген тұлғаларды бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауды жөн санап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысының сот орындаушылары алиментін төлемеген тұлғаларды бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауды жөн санап отыр

Ақтөбе облысының сот орындаушылары алиментін төлемеген тұлғаларды бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауды жөн санап отыр

Ақтөбе. 4 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысында алимент қайтару айлығы басталды. Оның барысында сот орындаушылары берешектерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды жөн санап отыр. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Ақтөбе облысының сот әкімшілігі бөлімінің басшысы Жанна Омарова хабарлады.

  • 4 Сәуiр 2008
  • 853
Фото - Caravan.kz

«Қазіргі уақытта біз өздерінің бұрынғы күйеулерінен алимент ала алмай жүргендер үшін «сенім телефоны» ұйымдастырылды», — деп атап көрсетті Ж. Омарова. «Сонымен қатар, төрт мобильді топ құрылды. Жедел әрекет ету үшін біз оларды көлікпен қамтамасыз еттік».

Бөлім басшысының айтуынша, 1 мамырға дейін сот орындаушылары өздерінің барлық күш-жігерлерін алимент төлеушілердің өздерінің балаларына қарызын өтеу бойынша сот үкімін орындауға жұмсайтын болады. Осыған байланысты алимент төлеушілер жұмыс істейтін ұйымдардың барлығының бухгалтериясы тексерілмек.

Ақтөбе облысының сот әкімшілігінің мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі уақытта Ақтөбе облысында өз балаларына барлығы 10 млн теңгеден астам сомаға қарыз болған 5 мыңнан кем емес адам бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті