KPO қоршаған ортаға келтірген шығынды өтеу жөніндегі шағым бойынша 943 млн теңге төлеу міндеттелді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
KPO қоршаған ортаға келтірген шығынды өтеу жөніндегі шағым бойынша 943 млн теңге төлеу міндеттелді

KPO қоршаған ортаға келтірген шығынды өтеу жөніндегі шағым бойынша 943 млн теңге төлеу міндеттелді

Алматы. 4 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Оралдағы ауданаралық мамандандырылған экономикалық соты қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аумақтық басқармасының Karachaganak Petroleum Operating B.V. (KPO) компаниясына келісімсіз қалдықтар тастағаны үшін қоршаған ортаға келтірген шығынды өтеу жөніндегі шағымы бойынша 943 472 960 теңге төлеуді міндеттеді. Бұл туралы агенттік ҚР Бас прокуратурасының хабарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

  • 4 Сәуiр 2008
  • 532
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Орал транспорттық прокуратурасы ауаның тазалығын сақтау заңнамасының орындалуына тексеру жүргізді.

Тексеру барысында «2007 жылы компанияның өндірістік қызмет барысында газды жағып жіберуге байланысты ауаға ластаушы заттарды өзі біліп тастағаны анықталды».

Бұл заң бұзушылықтарға байланысты транспорттық прокурор қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аумақтық басқармасына қоршаған ортаға келітірген шығынды өндіртіп алуға шара қолдану жөнінде таныстыру жіберді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті