Көкшетауда құрылыс шығыраны жатақхананың үстіне құлады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда құрылыс шығыраны жатақхананың үстіне құлады

Көкшетауда құрылыс шығыраны жатақхананың үстіне құлады

Көкшетау. 4 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Көкшетауда құрылыс шығыраны жатақхананың үстіне құлады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 4 Сәуiр 2008
  • 391
Фото - Caravan.kz

Бүгін Көкшетауда сағат 9-дар шамасында «Құлагер» компаниясы жүргізіп жатқан мектеп құрылысы территориясында РДК шығыраны құлады.

Бір сағаттан кейін оқиға болған жерге құлаған шығыранды көтеру үшін екіншісі жеткізілді.

Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан жердің сазды болғандығынан орнатылған шығыран табанының шөгуінен туындаған.

«Біз жер сілкінісіне ұқсас қатты дүрсілді естідік. Біз көшеге шығып қарасақ, шығыран мұнарасы біздің үйдің ішінен шығып тұр екен», — деп айтты жатақхана тұрғындары.

Алдын-ала мәліметтер бойынша, зардап шеккендерден ешкім жоқ. Ғимараттың алды және бір балконның әйнектері сынған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті