«Еуропалық қайта құру және даму банкінің Қазақстандағы саясатында еш өзгеріс болмайды. Банк өзінің елдің инфрақұрылымын дамыту мен шағын және орта бизнесті дамытуға инвестициялау бағдарламасын жалғастырады. Және өзінің инвестициялық портфелін ұлғайтпақшы», — деді Адриан ван дер Меер.
Сонымен қатар, Еуропалық комиссия өкілдігінің басшысы тілшілерге елдер тобының жиналысы барысында оның Еуропалық қайта құру және даму банкінің жаңа стратегиясын таныстыру мүмкіндігі туғанын хабарлады.
«Атап айтар болсам, мен біздің Орта Азия елдеріне көрсететін көмегіміз туралы әңгімеледім. Біз инвестициялық жобаларды жүзеге асырмақшымыз және өңір елдерінің арасындағы сауда-саттықты жақсартуға көмек көрсету де мақсаттарымыздың бірі болып табылады», — деп түсіндірді Адриан ван дер Меер.
Оның айтуынша, стратегияда сондай-ақ, Еуропалық қайта құру және даму банкінің сарапшыларының өңірде өндірілетін тауарларды Еуропа нарығына шығару үшін сауда мен тауар импортының шарттарын қалай жақсартуға болады деген пікірі көрсетілген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті