«Алайда, кәсіпорын басшылығы келіп жеткен өрт сөндірушілерді, құтқарушылар мен медицина қызметкерлерін аумаққа кіргізуден бас тартқан. Қазіргі уақытта барлық қызметтер сол жерде шын мәнінде не болғанын білуге тырысуда», — деп атап көрсетті мемлекеттік өрт сөндіру қызметі.
Сондай-ақ, кейбір мәліметтерге сүйенсек, мұндағылар «Вторчермет» аумағынан қала ауруханаларының біріне екі адам жеткізілгенін хабарлады. Ал кәсіпорын өкілдері болса олардың кәсіпорын жұмысшылары емес екенін алға тартып, оқиғаға түсінік беруден бас тартып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті