«Олардың бірінің денесінің 25 пайызы күйген. Ол алғашқы медициналық көмек алды. Біраз уақыт өткен соң ол арнайы күйік шалу бөліміне ауыстырылады», — деп атап көрсетті дәрігерлер.
Бұрын хабарлағанымыздай, бүгін күннің екінші жартысында өрт сөндіру қызметінің шұғыл кезекшісіне «Вторчермет» кәсіпорынынң аумағында газ баллонының жарылуына байланысты оқыс оқиға туындағаны жайында ақпарат келіп түскен. Алайда, кәсіпорын өкілдері шұғыл қызмет өкілдерін кәсіпорын аумағына кіргізуден бас тартқан.
«Кәсіпорын өкілдері жәбірленушілердің олардың жұмысшылары емес екенін мәлімдеді. Қазір онда бұл төтенше оқиғаның барлық жай-жапсарын білу тапсырылған анықтау тобының қызметкерлері жұмыстарды жалғастырып жатыр», — деп мәлімдеді тілшілерге өрт сөндіру департаментінің азаматтарды құлағдарландыру және оқыту бөлімі. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, адамдар дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезіндегі газ жарқылынан зардап шеккен. «01» қызметі хабарлағандай, жоғарыдағы шақыру бойынша оқиға орынына 5 өрт сөндіру көлігі аттанған. Өрт сөндіру қызметкерлерінен басқа «Вторчермет» кәсіпорынына дабылмен төтенше жағдай мамандары, құтқарушылар мен жедел жәрдем дәрігерлері келген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті